Бокс
25 қыркүйек 2020 16:52

Екі белбеу үшін. Ауыр салмақтағы қазақстандық америкалық нокаутшымен жекпе-жекке қатысты пікір білдірді

Сурет: flickr.com/leifpm©
Суперауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (14-0, 13 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында титулды жекпе-жекке қарсылас ретінде америкалық Джеймс МакКензи Моррисон (17-0-2, 15 КО) таңдалғанына қатысты пікірін білдірді. Спортшының сөзінше, енді келісімшартқа қол қою ғана қалды. 


17 қазан Дюссельдорфта өтетін он раундты жекпе-жекте IBO Inter-Continental және IBF титулының еуропалық нұсқасы сарапқа салынады.

"Әзірге ол туралы ештеңе білмеймін. Бұл ықтимал қарсылас. Егер келісе алсақ, онда қарсыласым атанады", - дейді Кособуцкий. 

31 жастағы қазақстандық IBO Inter-Continental белбеуін бірінші рет қорғағалы жатыр. Бұл белбеуді ол Агрон Смакичиді (15-1, 13 КО) нокаутқа түсіріп, жеңіп алған. Ал 30 жастағы америкалық боксшы титул үшін алғаш рет жұдырықтасады.