"Екі айқасқа қарсыластар белгілі". Менеджер Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегінің уақытын айтты

Сурет: Matchroom Boxing©

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) рингке маусым айында оралуы мүмкін. Олимпиада чемпионының менеджері Зия Алиев Vesti.kz тілшісіне боксшы үшін жаңа келісімшарт туралы айтып берді.

- Шамамен алдағы екі жекпе-жекке қарсыластар белгілі, бірақ, Matchroom компаниясымен оның келісімшарты бойынша келіссөз жүргізіп жатырмыз. 

- Нендей қиындық бар?

 - Бізге ұнамай тұрған бір-екі дүние бар, былайша айтқанда, бізге келмейтін шарттар. 

- Басқаша жолы бар ма?

- Иә, әрине, көптеген промоутерлердің қызығушылығы бар. Данияр - IBF рейтингінде сегізінші. Мықты боксшы, сондықтан қызығушылық әрдайым болады. 

- Ал Даниярдың жекпе-жектері бойынша белгілі мерзім бар ма?

- Қазір осы туралы келісіп жатырмыз. Шамамен маусымның басы. Данияр өзін бабында ұстап отыр, спарринг өткізіп тұрады. Бірақ дайындалу үшін осында (АҚШ-қа. - Vesti.kz ескермесі) келу керек. Қазір уақытын талқылап жатырмыз. Ол рингке маусымның басында немесе ортасында шығатын шығар. 

Жаңалықтар