Бокс
24 сәуір 2020 13:42

"Екі айда бабыма келем". Қазақстанда туған 51 жастағы WBC экс-чемпионы жекпе-жекке шықпақ

Сурет: allboxing.ru
WBC тұжырымынша бұрынғы әлем чемпионы 51 жастағы Олег Маскаев кәсіпқой ринге оралуға дайын екенін мәлімдеді.

Қазір АҚШ-та тұрып жатқан боксшы Қарағанды облысының тумасы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің жерлесі - Абай ауданынан. Соңғы жекпе-жегін ол 2013 жылы өткізген. Маскаевтің сөзінше, оған бабына келу үшін екі ай жеткілікті.

"Қазір-ақ оралатын едім. Бірақ "Олег міне екі айың бар, мынаумен жұдырықтасасың" дейтін адам жоқ. Маған бір аптадан кейін жекпе-жек болады, қатысқың келмей ме деп қоңырау шалады. Өйте алмаймын ғой, Нью-Йорктегідей күнде жаттығып жүрген жоқпын. Егер маған екі ай берсе, біраз уақыт шыдайтын едім. Бәрін реттеп беретін адамдар жоқ", - деп келтіреді Маскаевтың сөзін "Спорт-Экспресс".

Еске салайық, Маскаев кәсіпқой бокста 39 жеңіске жетіп (28 нокаут), жеті рет жеңілді. 2006 мен 2008 жылдар аралығы WBC чемпионы болған.