Бокс
Бүгін 10:55

Екі адам өлген ауыр жол апатынан кейін Джошуаға не болғаны айтылды

©IG/anthonyjoshua

Нигерияның Огун штатының үкіметі жол-көлік апатына түскен бұрынғы әлем чемпионы Энтони Джошуаның жағдайы туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz

Дереккөз мәліметінше, боксшы есін біледі және отбасымен байланыста. 

"Энтони Джошуа мен тағы бір жолаушы шұғыл түрде Лагостағы мамандандырылған медициналық мекемеге жеткізілді. Клиникалық толық тексерістен кейін дәрігерлер екі науқастың да жағдайы тұрақты екенін және жедел медициналық араласуды қажет етпейтінін растады. Зардап шеккендердің жағдайын мұқият бақылау үшін арнайы медициналық бригада құрылады", - делінген BBC келтірген мәлімдемеде.

Жол апаты 29 желтоқсанда Лагос - Ибадан тас жолында болды. Энтони Джошуа отырған Lexus жол талғамайтын көлігі жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соғылған. Апат салдарынан екі адам - Джошуаның бапкерлері Сина Гами мен Кевин Айоделе қаза тапты. Ал Энтони жеңіл жарақаттар ғана алған.

Бұл оқиға 20 желтоқсанда өткен Энтони Джошуа мен америкалық блогер Джейк Пол (12-2, 7 KO) арасындағы жекпе-жектен кейін көп ұзамай болып отыр. Ол кездесуде британиялық боксшы алтыншы раундта нокаутпен жеңіске жеткен еді.

Еске салайық, Энтони Джошуа - ауыр салмақта IBF, WBA, WBO және IBO чемпионы болған, ол бұл титулдарды 2016–2021 жылдар аралығында әр кезеңде иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport