Қазақстандық боксшы Досжан Жұмақан World Boxing ұйымы Бангкок қаласында (Таиланд) өткізіп жатқан Futures Cup U-19 халықаралықтурнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
1/8 финалда 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Досжан Өзбекстан боксшысы Бобомурод Боймирзаевпен жұдырықтасты.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы төрешілердің бөлек шешімімен (4:1) жеңіске жетті. Екінші раундта төреші өзбекстандық спортшыға нокдаун есептеді.\
Осылайша, Досжан Жұмақан турнирдің 1/4 финалына өтті, ал Бобомурод Боймирзаев жарысты аяқтады.
Айта кетейік, Futures Cup U-19 турнирі тарихта алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
Жарнама