Эдди Хирн "Канелоға" Головкинмен жекпе-жек келісімшартын ұсынды

©wbaboxing.com

Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) күзде жұдырықтасатынға ұқсайды. Мексикалық пен Matchroom Boxing басшысы Эдди Хирн 2022 жылы DAZN платформасында 85 миллион долларға екі жекпе-жек өткізу бойынша келісімшарт жасауға жақын, деп хабарлайды vRINGe.com порталы ESPN-ге слтеме жасап.

Дерекккөз мәліметінше, "Канелоның" жоспары мынадай болады:

7 мамыр - Сауль жартылай ауыр салмаққа өтіп, WBA чемпионы Дмитрий Биволмен (19-0, 11 КО) айқасады;

17 қыркүйек - Биволмен кездесу ойдағыдай өтсе Альварес суперорта салмаққа оралып, Геннадий Головкинмен жекпе-жекте төрт белбеуін қорғайды.

 "Дереккөз мәліметінше, мұндай кешенді келісімшарт әлі келісілген жоқ және жасалмады, алайда, келіссөз аяқталуға жақын", - деп жазады ESPN.

Дереккөздің нақтылауынша, Альварес Хирн ұсынған бұл жоспар мен PBC басышысы Эл Хэймон тарапынан жасалған Джермалл Чарломен мамырда жұдырықтасу ұсынысын (45 миллион доллар кепілді гонорар беріледі) қатар қарастырып отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар