Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов Амман (Иордания) қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының келесі кезеңіне шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз 1/8 финалда түркіменстандық Сапармұрат Одаевпен кездесіп, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті.
Айта кетейік, бүгін, 4 қараша күні Азия чемпионатында тағы екі отандасымыз - Санжар Тәшкенбай мен Асыланбек Шымбергенов өнер көрсетеді.
Еске салайық, осыған дейін Амманда Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Назым Қызайбей жеңіске жеткен еді. Ал Санатәлі Төлтаев жеңіліп қалды.