Бокстан Қзақастан құрамасының көшбасшысы Қамшыбек Қоңқабаев жанкүйерлерді Азия чемпионаты алдында ұлттық командаға қолдау білдіруге шақырды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Турнир бүгін, 1 қарашада басталады. Ал 30 жастағы Қамшыбектің өзі ел намысын 92 келі салмақта қорғайды.
"Жеребе тартылды⚔️Аллаға шүкір жігіттер бабында. Ендігі кезекте бағымыз қатар шауып, қазақ елін жеңіспен қуантсақ деген сенімдеміз?Қолдауларыңызды білдіріп құрамаға жеңіс тілеп, ел абыройын қорғайтын батырларымызға дұға етіп қойыңыздар", - деп жазыпты Қамшыбек Instagram желісінде.