Дубайдағы Азия чемпионатына баратын Қазақстан боксшыларының тізімі жарияланды

Сурет: ҚБФ

21 мамыр мен 1 маусым аралығы Дубайда ересектер арасында Азия чемпионаты өтеді. Бұл жарысқа Қазақстан құрамасы он салмақта өнер көрсетеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бокстан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан командасы: 

49 келі: Даниял Сәбит

52 келі: Сәкен Бибосынов

56 келі: Сабырхан Махмұд

60 келі: Серік Теміржанов

64 келі: Закир Сафиуллин

69 келі: Абылайхан Жүсіпов

75 келі: Әбілхан Аманқұл

81 келі: Бекзад Нұрдәулетов

91 келі: Василий Левит

+91 келі: Қамшыбек Қоңқабаев

"Бұл додаға Олимпиадаға қатысатын боксшыларды түгел алып бара жатырмыз. Өйткені, Азия чемпионаты Токио қарсаңындағы ең маңызды дайындық кезеңдерінің бірі саналады. Олимпиадада бақ сынайтын жігіттерді тағы да бір сынап алмақпыз. Сондай-ақ, Азия чемпионаты он салмақ дәрежесінде өтетіндіктен, 57 келідегі Серік Теміржановты 60 келіге ауыстырдық. 52 келідегі Сабырхан Махмұд 56 келіде жұдырықтасады. 49 келіде еліміздің ең жас чемпиондарының бірі болған Даниял Сәбитті сынға қостық. Олимпиадашыларға толық мүмкіндік бердік", - дейді бас бапкер Ғалымбек Кенжебаев.