The Ring беделді журналы орта салмақта IBF және WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын (17-0, 12 КО) өз рейтингінен алып тастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұған дейін Жыланды өңірінің 32 жастағы тумасы дивизион рейтингінде бірінші орында тұрған еді. Алайда айдың басында VADA допинг-тестінің оң нәтижесіне байланысты ол үздіктер тізімінен толықтай шығарылды. Бұл туралы журналдың ресми жаңартуында айтылған:
"Бұрын рейтингтің бірінші нөмірі болған Жәнібек Әлімханұлы осы айдың басында алынған VADA допинг-тестінің жағымсыз нәтижесінен кейін тізімнен шығарылды. Соның салдарынан қалған барлық боксшылар бір сатыға жоғарылады, ал кіші Хесус Рамос рейтингтің алғаш рет ондыққа кірді", - деп хабарлайды The Ring.
Жаңартылған рейтингте бірінші орынға WBC чемпионы Карлос Адамес (24-1-1, 18 КО) көтерілді. Ал үздік үштікті кубалық боксшылар - Йоэнлис Эрнандес (8-0, 7 КО) пен Эрисланди Лара (31-3-3, 19 КО) түйіндеді.
Жарнама