Қазақстандық Геннадий Головкин (42-1) екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес (57-2) аяқ-асты неге өшпенділік таныта бастағанына қатысты пікір білдірді.
"Канеломен" неге қатынасымыз бұзылды? Соны білмеймін де. Мүмкін қабылдаған препараттарының зиянды әсері болар. Мен онымен жекпе-жекті спорт шарасы деп есептеймін, жеке ештеңе жоқ. Ал ол неге бұл жеке есеп айырысу деп қоймайтынын түсінбедім", - деп береді Головкиннің сөзін BoxingScene.
"Канело" Головкинмен айқаста нені мақсат етіп отырғанын айтты