Допингпен ұсталған бұрынғы әлем чемпионы "Канелоның" жаттығу лагеріне қосылды

© The Ring
Өте жеңіл салмақта бұрынғы WBC чемпионы мексикалық Луис Нери (30-0, 24 КО) бапкерін ауыстырды. Бұл туралы The Athletic инсайдері Майк Коппинджер хабарлады.

Оның ақпаратынша, Нериді енді отандасы Эдди Рейносо жаттықтырады. Ал Рейносо қол астындағы ең атақты мексикалық ол - Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО), Эдди мен әкесі Хосе "Чепо" Рейносо оны бала кезінен жаттықтырып келеді.




Нери мұның алдында АҚШ-та атақты амеркиалық Фредди Роучтың Лас-Вегастағы залында жаттыққан. Қазірге дейін мексикалық боксшы жеңілмеген және үш жыл болды кездесуінің бәрін нокаутпен аяқтап келеді - 11 жекпе-жек.

Нери 2017 жылдың маусымы мен 2018 жылдың наурызы аралығы чемпион болған. Ал белбеуді жапониялық Шинсуке Яманаконы (27-2-2, 16 КО) жеңіп иеленген. Осыдан кейін Неридің қанына зилпатерол допингі табылды, дегенмен, WBC оны жазаламады. Боксшы бұл зат оның ағзасына тамақ арқылы түскен дегеннен жаңылмады. Мексикада бұл зат мал шарушылығында кеңінен қолданылады. 

Ал титулдан Яманакомен қарымта алдында салмақ лимитіне түсе алмай айырылған. Қазір WBC белбеуі Нордин Оубалиде (17-0, 12 КО).