Жартылай орта салмақтағы британиялық проспект Конор Бенн (21-0, 14 KO) орта салмақтағы экс чемпион қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 КО) жекпе-жекке шыққысы келеді екен, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Мен кез келгенімен айқасуға дайынмын. Атақты боксшылармен, Головкин сияқты. Мен осы жекпе-жеке келісер едім", - деп береді Беннің сөзін Matchroom Boxing.
Айта кетейік, британиялық боксшы соңғы рет 2022 жылдың сәуірінде IBO чемпионы болған оңтүстік африкалық Крис ван Хирденмен жұдырықтасты. Қарсыласын нокаутпен жеңген Бенн допингпен ұсталып, бокстан уақытша шеттелген болатын.
Енді Бенн 23 қыркүйек АҚШ-тың Орландо қаласында өтетін Ричардсон Хитчинс - Хосе Сепеда жекпе-жегінің андеркардында жұдырықтасады.