Допингпен ұсталды. Сергей Ковалев пен өзбек боксшының жекпе-жегі өтпеуі мүмкін

Жартылай ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы Сергей Ковалев (34-4-1, 29 КО) допинге тесттен өте алмады. Бұл туралы ESPN сарапшысы және бокс шолушысы Дэн Рафаэль мәлімдеді,- деп хабарлайды Vesti.kz. Оның сөзінше, VADA өкілдері ақпаратты растаған. 

Ковалев кейінгі жекпе-жегінде мексикалық Сауль "Канело" Альварестен жеңілген болатын. Оның келесі кездесуі 30 қаңтарда 2016 жылғы Олимпиада жүлдегері өзбекстандық  Бектемір Bek Bully Меликузиевке (6-0, 5 КО) қарсы өтуі керек еді. Бұл айқас бастапқыда Мәскеуде жоспарланып, кейін Америкаға ауыстырылған. Енді жекпе-жек мүлде болмайтынға ұқсайды.

"Сергей Ковалевтің тесті синтетикалық тестестерон барын көрсетті. VADA өкілдерінен хат алдым, онда мән-жай айтылған. Демек, оның 30 қаңтар DAZN платформасындағы Бектемір Bek Bully Меликузиевпен жекпе-жегі өтпейтін шығар", - деп жазыпты Рафаэль твиттер желісінде.