Бокс
3 желтоқсан 09:06

Допинг тесттен кейін Жәнібектің жекпе-жек өткізуіне қатысты шешім шықты

©

Орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) мен WBA титулына ие кубалық Эрисланди Лара (31-3-3, 19 KO) арасындағы жекпе-жек допинг нәтижесіне байланысты өтпейтін болды, деп хабарлайды Vesti.kz журналист Андреас Хейлге сілтеме жасап.

Хейлдің ұйымдастырушыларға сүйене таратқан ақпаратына қарағанда, Әлімханұлының орнына Ларамен 34 жастағы колумбиялық Йохан Гонсалес (36-4, 24 KO) жекпе-жекке шығатын болды.

"Мен PBC арқылы растадым: енді Эрисланди Лара сенбі күні Йохан Гонсалеспен жекпе-жек өткізеді. Себебі Жәнібек Әлімханұлы VADA тестінен өте алған жоқ", - деп жазды ол.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport