Орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) мен WBA титулына ие кубалық Эрисланди Лара (31-3-3, 19 KO) арасындағы жекпе-жек допинг нәтижесіне байланысты өтпейтін болды, деп хабарлайды Vesti.kz журналист Андреас Хейлге сілтеме жасап.
Хейлдің ұйымдастырушыларға сүйене таратқан ақпаратына қарағанда, Әлімханұлының орнына Ларамен 34 жастағы колумбиялық Йохан Гонсалес (36-4, 24 KO) жекпе-жекке шығатын болды.
"Мен PBC арқылы растадым: енді Эрисланди Лара сенбі күні Йохан Гонсалеспен жекпе-жек өткізеді. Себебі Жәнібек Әлімханұлы VADA тестінен өте алған жоқ", - деп жазды ол.
I confirmed with PBC that Erislandy Lara will now face Johan Gonzalez on Saturday after Janibek Alimkhanuly's failed VADA test.
— Andreas Hale (@AndreasHale) December 2, 2025
Жарнама