Sports Illustrated журналисті Крис Манникстің мәліметінше, бұл жекпе-жек 20 желтоқсан АҚШ-тың Финикс қаласында өтеді. Мұның алдында бұл кездесуді Лас-Вегаста өткізу жоспарланған болатын, алайда, Чавес Неваданың спорт комиссиясы тарапынан допинг тест өтпегені үшін шеттелген. 20 қарашада боксшыға лицензияны қайтару мәселесі қаралатын комиссия отырысы өтеді.
Чавестің өзі сараптама тапсырудан бас тартуын жаттығуына келген VADA өкілі ешқандлай құжатсыз болғандығымен түсіндірді.
Джейкобс - Чавес жекпе-жегін ресми құлақтандыру ертең өтеді деп жоспарланған.