Бокс
14 қыркүйек 2021 15:03
 

Допинг дауына іліккен Сергей Ковалевтің шаршы алаңға қашан шығатыны анықталды

  Пікірлер

blog.share

Допинг дауына іліккен Сергей Ковалевтің шаршы алаңға қашан шығатыны анықталды ©allboxing.ru

Жартылай ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Сергей Ковалев шаршы алаңға оның командасы допинг дауын шешіп, боксшы лицензиясын қайтарып алған соң қайта оралады. Бұл туралы Аllboxing.ru порталына берген сұқбатында менеджер Эгис Климас айтты. 

blog.share

Жартылай ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Сергей Ковалев шаршы алаңға оның командасы допинг дауын шешіп, боксшы лицензиясын қайтарып алған соң қайта оралады. Бұл туралы Аllboxing.ru порталына берген сұқбатында менеджер Эгис Климас айтты. 

Сергей Ковалев биыл жыл басында Бектемир Меликузиевпен кездесу өткізуі керек еді. Бірақ осы айқасқа дайындық барысында ресейлік боксшыдан допинг шықты. Кездесу өтпейтін болды. Ал Ковалев көктемде қайта допинг-сынағын тапсырып, спорттан шеттетілмеді. Дегенмен осы уақыттың ішінде ол боксшы лицензиясынан айырылды. Бұл лицензиясыз ол АҚШ жерінде кездесу өткізе алмайды. Қазір оның командасы осы мәселені шешіп жатыр. 

"Ковелев ешқашан допинг қолданбаған. Дәл қазір Вальдеспен (WBC чемпионы Оскар Вальдес) осындай жағдай болды. Бірақ оған кездесу өткізуге рұқсат берілді (11 қыркүйек күні Вальдес бразилиялық Робсон Консейсаоны жеңді). Егер Ковалевтің кездесуі Ресейде өтетін болғанда, айқас болатын еді. Өйткені бұл препарат дайындық жұмыстары кезінде қолдануға рұқсат етілген. Енді Сергей соттан жеңіп, жылдың соңында шаршы алаңға қайта оралады деп сенемін", - деді бокшының менеджері Эгис Климас. 

Еске салайық, Ковалев өзінің соңғы кездесуін 2019 жылдың 2 қарашасында мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы өткізіп, нокаутпен жеңіліп қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!