Дональд Трамп Головкинге қатысты ащы шындықты айтты

©

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп UFC ұйымының YouTube-тегі арнасына берген сұхбатында қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 КО) қалай танысқанын және төрешілердің әділетсіздігі туралы айтты, деп хабарлайды Vesti.kz

"Сізді Головкиннің Сауль Альвареске қарсы жекпе-жегінде көрдім. Мұндай қазылардан кейін боксты қайта көргің келмей қалады. Сіз төрелікті әділ жасамау боксқа зиян деп ойлайсыз ба?", - деп сұрады арна жүргізушісі Джим Нортон.

Трамп сөзін Голокинмен қалай танысқанынан бастады. 

"Ол кезде Мар-а-Лагода (Флоридадағы жеке резиденциясы) едім, ол маңда өте кербез адамдар тұрады. Алайда олар білекті емес. Солардың арасында осы жігіт, GGG болды. Ол уақытта Головкин туралы әлі ештеңе естімеген едім. Оны көре сала спортшы екенін түсіндім. Ол маған келді де былай деді: "Менің атым Геннадий Головкин, GGG. Мен Мэдисон-сквер-гарденде айқасамын", - дейді Трамп.

"Ол керемет еді. Өзгелерден айырмашылығы көрініп тұрды. Мен оның чемпион болғанын тамашалап жүрдім. Бірақ оның кей жекпе-жектері... Кімге қарсы екені маңызды емес. Айтқым келмейді. Головкиннің ақысын жеді. Басым болып тұрып, шешімді өз пайдасына ала алмады. Бұл менің жүрегімді қақ айырды. Оның де жүрегін ауыртты. Ол жігіт тамаша боксшы еді", - дейді ол.

Головкин туралы 26-минуттан бастап айтылады.  

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport