Жартылай ауыр салмақта әлемнің абсолют чемпионы Дмитрий Бивол (24-1, 12 КО) карьерасын 40 жасында аяқтайтынын айтты, деп хабарлайды "Матч ТВ".
34 жастағы боксшы 22 ақпан Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта Артур Бетербиевті (21-1, 20 КО) төрешілер шешімімен жеңіп, қарымтасын алды.
Жекпе-жектен кейін қарсыластар трилогия өткізіп, кім мықты екенін нақты анықтайтындарын жоққа шығармады.
- Әлі қанша уақыт бокста жүремін деп жоспарлап отырсыз?
- 40 жасымда өмірімнің жаңа кезеңін бастағым келеді. Басқа салмақта чемпиондық белбеу жеңіп алған тамаша болар еді. Бірақ енді мұны командаммен ақылдасуым қажет.
Жарнама