Джошуаның экс-қарсыласы Усикті қалай жеңу керектігін айтты

©Reuters

Супер ауыр салмақта әлем чемпионы атағына үміткер Диллиан Уайт украиналық Александр Усик пен ұлыбританиялық Энтони Джошуа жекпе-жегіне қатысты ойын білдірді, деп жазады Vesti.kz.

"Бұл Джошуаның карьерасындағы ең үлкен жекпе-жек болмақ. Екеуінің соңғы айқасында Энтони агрессиясын көрсете алмады. Оны жақсы түсінем. Себебі Джошуамен өткен екі кезесуімде агрессия көрсетіп қолғап түйістірдім. Сол секілді оған Усикке қарсы барын салып қолғап түйістіру керек", - дейді Уайт Sky Sports берген сұхбатында.

Еске салайық, 25 қыркүйекте Джошуа мен Усик реванш айқасы аясында бір-бірімен қолғап түйістіреді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport