Джошуаның бұрынғы сапрринг серігі қазір Усикке көмектесуде

©Instagram

Ауыр салмақта WBA Super, WBO, IBF және IBO чемпионы Александр Усик бір айдан кейін Сауд Арабиясында өтетін Энтони Джошуамен қарымта айқасқа дайындығын жалғастыруда. Ал украиналықтың спарринг серіктерінің бірі конголезиялық Мартин Баколе (18-1, 13 КО) екенін айта кетейік, деп хабарлайды "Чемпионат"

"Ең мықтылармен рингті бөлісу мүмкіндігінен рахат алып жүрмін. Өйткені солардың бірі екенімді білемін", - деп жазыпты Баколе әлеуметтік желіде Усикпен суретін жариялап.

 Мартин Баколе бірнеше жыл бұрын Джошуаның лагерінде болып, франциялық Карлос Такама (2017) және ресейлік Александр Поветкинмен (2018) айқасқа дайындалуға көмектескен. Бұл екі жекпе-жекте де Джошуа техникалық нокаутпен жеңген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport