Суперауыр салмақта WBA, IBF, WBO және IBO чемпионы укариналық Александр Усиктің (19-0, 13 КО) промоутері Александр Красюк британиялық Энтони Джошуаның (24-2, 22 КО) командасы келісімшарттағы қарымта айқас туралы опцияны әлден іске асыруға кіріскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sports.ru.
"Келісімшартта қарымта туралы пункт болды. Джошуаның тарабы оны қазірден-ақ пайдалану амалына көшті. Александрмен қарымта мәселесін талқыладық, ол қуанды.
Әзірге екінші жекпе-жек бойынша нақты уақыт жоқ.
Қыста, "Олимпийский" шаршы алаңында, мүмкін ақпанда. +20 болса жақсы. Усиктің "Арена Львовтегі" айқасы есімде, қазан айы, +5. Ринг маңында отыру өте қолайсыз.
Біз осындай көлемдегі шоулар Украинада өткенін қалаймыз. Қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз", - дейді Красюк.