Бокс
2 қараша 2022 16:12

Джошуа мен Уайлдер арасындағы айқас 2023 жылы өтуі мүмкін

©instagram.com/anthonyjoshua

Аса ауыр салмақта WBC тұжырымы бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Деонтей Уайлдер британиялық Энтони Джошуамен 2023 жылы кездесу өткізуі мүмкін. Бұл туралы ұлыбританиялық боксшының промоутері Эдди Хирн айтты. 

"Барлығы Джошуаның қалай өнер көрсеткеніне байланысты. Егер ол сәуір не мамыр айына дейін күтетін болса, бірден Диллан Уайтпен кездесуі ықтимал. Ал ақпан айында шаршы алаңға шығамын десе, басқа қарсылас іздеу керек. 

Мен Финкельге (Уайттың менеджері) тамыз айында хат жолдаған едім. Ол маған кеше ғана жауап берді. Уайлдармен айқас Джошуаның 2023 жылғы екінші жекпе-жегі болатын сияқты", - деп келтіреді Хирннің сөзін DAZN. 

Айта кетейік, Уайлдер қазан айында финляндиялық Роберт Хелениусқа қарсы кездесу өткізіп, бірінші раундта нокаутпен жеңді. Жалпы америкалық кәсіпқой бокста 45 кездесу өткізіп, 43 жеңіске жетіп, екі мәрте жеңілген. 

Джошуа болса соңғы кездесуін тамызда Александр Усикке қарсы өткізіп, жеңіліп қалды. 33 жастағы ұлыбританиялық боксшының еншісінде 24 жеңіс, 3 жеңіліс бар. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport