Джошуа қарымтада Усикті нокаутқа түсіретіні айтылды

©Reuters

Белгілі промоутер Эдди Хирн британиялық Энтони Джошуа украиналық Александр Усикті қарымта жекпе-жекте нокаутқа түсіретінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Менің болжамыма назар аударыңдар. Бұл жолы Джошуа Усикті нокаутқа түсіреді. Алтыншы раундта нокаутқа түсіреді", - деп жазады журналист Майкл Бенсон Хирннің сөзін келтіріп.

The Ring басылымының тұжырымы бойынша Усик пен Джошуа арасындағы айқас 2021 жылдың ең үздік кездесуі болып тіркелді. 12 раундқа созылған жекпе-жек 116-112, 117-114, 115-113 есебімен украиналық былғары қолғап шеберінің пайдасына аяқталды. Осының арқасында Усик супер ауыр салмақта WBA Super, WBO, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport