Джошуа қарымтада қайтарған титулдарын "Әбжыланға" қарсы жекпе-жекте қорғайды

Кубрат Пулев. © Flashnews.bg
Супер ауыр салмақта WBA Super, WBO, IBF, IBO чемпионы британиялық Энтони Джошуа мен "Әбжылан" лақап атты болгариялық Кубрат Пулев арасындағы титулды жекпе-жек Лондонда өтеді, - деп хабарлайды "Чемпионат"

Жекпе-жек күні ретінде 13 пен 20 маусым қарастырылып отыр.

Кубрат Пулев IBF белбеуіне міндетті қарсылас, дегенмен, бұл кездесуде барлық титулдар сарапқа салынады. Болгариялық боксшы бұрын да әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасқан, алайда, Владимир Кличкодан нокаутпен жеңілген. 

Ал Джошуа үшін бұл қайтарған белбеулерін бірінші қорғауы болады. 2019 жылы желтоқсанда ол қарымта жекпе-жекте мексикалық Энди Руисті төрешілер шешімімен жеңді.