Энтони Джошуа (24-3, 22 KO) украиналық Александр Усикпен (20-0, 13 KO) жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихатында көз жасын тоқтата алмады, деп хабарлайды Fightnews.info.
Джиддада (Сауд Арабиясы) өткен айқас 12 раунд өтіп, төрешілер шешімімен Усик жеңді (113-115, 116-112, 115-113). Осылайша, украиналық боксшы WBA Super, WBO, IBF және IBO белбеулерін қорғап қалды және The Ring титулын иеленді.
"Өзімді мақтан етемін. Өзімді мақтан тұтатынымды айту қиын. Ешқандай сезім жоқ, тек көңілім болмашы ғана түсіп кетті", - деген Джошуа күрсінді де, көзіне жас алды.