Джошуа 21 нокауты бар "Сыған патшасын" абсолют чемпион атағына айқасуға шақырды

Сурет: REUTERS
Суперауыр салмақта IBF, WBA, WBO және IBO чемпионы британиялық Энтони Джошуа (23-1, 21 КО) осы дивизионда WBC титулына ие отандасы Тайсон Фьюриді (30-0-1, 21 КО) жекпе-жекке шақырды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Боксшының сөзінше, осы салмақта нақ мықтыны анықтау үшін белбеулер біріктірілетін жекпе-жек керек.

"Шынымен ең мықты атанғың келсе, менімен айқас. Жекпе-жегіміздің мәні неде? Ауыр салмақта бірнеше белбеуім бар, ал онда WBC титулы. Барлық белбеуді тағып, ең мықты атануға кім лайықты екенін білеміз", - дейді Джошуа.

Еске салайық, мұның алдында Фьюридің промоутері Фрэнк Уоррен британдық боксшылар арасындағы жекпе-жек 2021 жылдың ақпанынан ерте өтепйді деген еді. 
Жаңалықтар