auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Джон Вера Қанат Исламның орнына Головкиннің командаласымен кездеседі

Джон Вера Қанат Исламның орнына Головкиннің командаласымен кездеседі
Абель Санчес и Мишель Соро. © Intagram.com
Француз Мишель Соро (31-2-1, 30 КО) және америкалық Джон Вера (18-0, 11 КО) бірінші орта салмақтағы WBA (Super) чемпионы кубалық Эрисланди Лараға (25-2-2, 14 КО) міндетті қарсылас атану үшін жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Францияның бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.

Соро - Вера жекпе-жегі 24 наурызда Маресльде өтеді. Бұл бокс кешіне белгілі франциялық боксшылар жұдырықтасады деп жоспарланған.

21 қарашада Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) резолюция шығарған еді. Ол бойынша, Вера мен қазақстандық Қанат Ислам (25-0, 20 КО) суперчемпион Лараға міндетті қарсылас атану үшін жекпе-жек өткізу туралы бір ай ішінде келісу керек болатын.

WBA тағайындаған мерзім өтіп кетті, дегенмен, ұйымның ресми шешімі әлі жарияланған жоқ. Қаңтарда Vesti.kz  америкалық боксшының командасындағы мәлімет көзіне сілтеме жасап, бұл жекпе-жектен қазақстандықтың бас тартуына байланысты болмайтынын хабарлаған.

30 жастағы Соро чемпиондық атақ үшін екі жекпе-жекте жеңілген болатын. 2012 жылы Киевте ол WBO және IBO белбеулеріне ие ресейлік Заурбек Байсангуровтан төрешілердің ортақ шешімімен жеңілген. Былтыр шілдеде Соро Францияның Эвиан қаласында тағы датөрешілердің шешімімен WBA ұйымының regular чемпионы аргентиналық Брайан Кастаньоға (14-0, 10 КО) есе жіберді.

2017 жылдың басында Соро АҚШ-қа барып, Абель Санчеспен жаттыға бастаған. Калифорниядағы Big Bear лагерінде Санчес орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин, бірінші ауыр салмақтағы IBF чемпионы ресейлік Мурат Гасиев сияқты боксшыларды жаттықтырады. Соро 2015 жылы да Санчеспен жаттықан, алайда, ол кезде онымен ринг бұрышында басқа бапкер болған еді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама