Джейкобске Головкиннен есе қайтару мүмкіндігі туды
© boxingscene.com
Орта салмақта IBF чемпионы Дэниэл Джейкобстың (35-2, 29 КО) ісін жүргізетін Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн америкалық боксшы мен қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) арасында жекпе-жек ұйымдастырғысы келетінін айтады.
"Канело" мықты екенін дәлдегісі келеді. Бірақ біз де орта дивизионды жайпап өтпекпіз. Джейкобспен келісімшарт жасағаннан бастап, оны абсолют чемпион етуді ойластырдық. Дэниэл алдағы жекпе-жектің ауыр боларын біледі, дегенмен, ол өзіне сенімді және "Канелоны" сыйлайды. Алайда Джейкобс ірірек, жылдам әрі күшті боксшы.
Егер келесі қарсылас Деметриус Андраде (орта салмақта WBO чемпионы) болмаса, Головкин бар. Олар жұдырықтасқанда көбі Джейкобсты жеңімпаз деп есептеді, меніңше, бұл екі-жекпе-жекті де ұйымдастыру оңай. Орта салмақтағылардың бәрі үздіктермен жұдырықтасқысы келеді", - деп келтіреді Хирннің сөзін BoxingScene.com.
Еске салайық, Головкин мен Джейкобс 2017 жылы Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жұдырықтасқан. Ол кезде Головкин төрешілер шешімімен жеңіске жеткен.
Джейкобс - Альварес жекпе-жегі 4 мамыр Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді. Екі боксшы да чемпиондық атақтарын қорғайды.

Жарнама