Бокс
22 қаңтар 2019 13:29
 
Джейкобс Головкинмен жұдырықтасқандағы қателіктерін атады да, "Канелоны" қорқытты

  Пікірлер

blog.share

Джейкобс Головкинмен жұдырықтасқандағы қателіктерін атады да, "Канелоны" қорқытты © HBO Boxing

Орта салмақта IBF чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобс (35-2, 29 КО) осы дивизионда WBC және WBA (Super) белбеулерінің иегері мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (51-2-1, 35 КО) жекпе-жектен не күтетінін айтты, - деп хабарлайды VRinge.com.

Боксшылар 4 мамырда жұдырықтасады. Жекпе-жекке барлық белбеулер тігіледі, ал оның өтетін орны кейін хабарланады. 

2017 жылдың наурызында Джейкобс қазақстандық Геннадий Головкиннен (38-1-1, 34 КО) жеңілген болатын. Америкалықтың сөзінше, ол бұл жекпе-жекте жіберген қателіктерін қайталамайды. Ал GGG-мен болған екі жекпе-жек тәжірибесі мексикалыққа көмек болмайды екен. 

- Жақсы жұдырықтасасыз, бірақ, "Канело" жоғары санттағы боксшы. Ол сіз жұдырықтасқан боксшылардан мықтылармен кездескен. Сізге қосатын дүниелер барын сезесіз бе?

- Меніңше, нағыз чемпиондар бейімделе біледі. "Канело" маған қарсы не қолданатынын білмейміз. Дегенмен мен сияқты боксшымен ол әлі жұдырықтасып көрмеді. Рингке ол жұдырықтасқан жігіттерден бөлек арсенал алып кіремін. Маған барымды салу керек болады, бірақ, оған да солай істеу қажет. Екеумізге де бейімделу қажет. Жекпе-жегімізді тамаша ететін де осы. 

Головкинмен болғандай, тағдырымды төрешілерге шешкізіп қоймаймын. Оны нокаутқа түсірем демеймін, алайда, анық жеңіске жеткім келеді, ешқандай сұрақ қалмайтындай. 

- "Канеломен" екі рет кездескен Головкинмен теңдей жұдырықтастыңыз. "Канело" мен Головкин жекпе-жектері алдағы кездесуіңізге пайдасын тигізді ме?

- Жоқ, өйткені әр жекпе-жек өзгеше. Жігіттерді бақылап, оларға ыңғайланып жаттығатынымыз анық. Міне бапкерім Андре Розье келді - заманымыздың үздік бапкерлерінің бірі. Жекпе-жек күні тас түйін дайын екенімізге көз жеткізуіміз керек. "Канело" мен сияқты жігітпен жұдырықтасқан емес. Барымды көрсете алатын күнге асықпын.

- Жақында "Канелоны" екінші орта салмақта көрдік және өлшеуден кейін салмақ көптеп жинап жатқанын да байқап отырмыз. Бұл жекпе-жекте ірілік бөгет бола ма?

- Маған ең жақсы күйіме жету ғана қажет. Менің салмақ жинауым "Канелоның" рингке алып келетін күш немесе жылдамдықпен, әлде басқа дүниемен күресуге көмектеседі деп ойламаймын. Білетінім маған барынша жақсы жаттығу қажет.

Мұның алдында, Альварестің командасы Джейкобске белгіленгеннен салмақтан артық жинауға тыйым салған еді. Әрбір артық фунт салмақ үшін америкалық 300 мың төлейді. Мұндайға Альварестің командасы Джейкобс - Головкин жекпе-жегіндегі оқиғаға байланысты барып отыр. Ол кезде америкалық ірірек болу үшін жекпе-жек күні салмақ өлшеуден бас тартып, IBF белбеуіне талспауға келіскен еді. 

Жарнама

Живи спортом!