Бокс
30 маусым 07:02

Джейк Пол Тайсоннан кейін тағы бір аңыздың ұлын жеңді

©AllBoxing

АҚШ-тың Анахайм қаласында өткен бокс кешінің басты айқасында америкалық танымал блогер Джейк Пол (12-1, 7 КО) мен бұрынғы әлем чемпионы мексикалық кіші Хулио Сесар Чавес (54-7-1, 34 КО) жұдырықтасты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек бірінші ауыр салмақта өтті және толық он раундқа созылды. Үш төрешінің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіс Джейк Полға берілді - 97-93, 98-92, 99-91.

Чавес жақсы өнер көрсетті, алайда, белсенді әрі соққылары дәлірек болған Полға лайықты қарсылық көрсете алмады. Бұл жолы Джейк Полдың бұл жеңісі әділ болды. 

Кіші Хулио Сесар Чавес - орта салмақта WBC чемпион болған (2011–2012) және ол мексикалық аңыз боксшы Хулио Сесар Чавестің ұлы. Бұл оның карерасындағы жетінші жеңіліс, сонымен бірге, ол 54 жеңіске жетіп, бір қарсыласымен тең түскен еді. Ал Джейк Пол үшін бұл он екінші жеңіс және бір рет қана жеңілген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport