Соққылар статистикасымен айналысатын CompuBox тұжырымынша, қазақстандық Геннадий Головкин бір раундтағы дәл джебтер бойынша ең мықты боксшы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мәлімет бойынша, Головкин бір раундта 9,9 джебті тура жеткізеді екен. Бұл қазіргі таңдағы боксшылар арасындағы ең үздік көрсеткіш.
Бұл көрсеткіш бойынша GGG ресейлік Дмитрий Бивол (8,6), жапониялық Наоя Иноуэ (8,5), украиналық Александр Усик (6,8) пен Василий Ломаченкодан (6,5) асып түскен.