Британиялық боксшы Тейлор О'Хиггинс Странджа кубогі-2025 турнирінде 92 келіден аса салмақта алтынды кім алатынын болжады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл салмақта Қазақстаннан Айбек Оралбай мен Нұрлан Сапарбай өнер көрсетуде.
Сарапшының айтуынша, бұл екі боксшының ешқайсы да кіші әлем чемпионаты аталып кеткен жарыстың алтынына жете алмайды екен."Странджа кубогі - әуесқой бокста Олимпиада мен әлем чемпионатынан кейінгі ең беделді турнир.
92 келіден аса салмақта Айбек Оралбай (Қазақстан), Олимпиадаға қатысқан Мухаммад Абдуллаев (Әзірбайжан), Нұрлан Сапарбай (Қазақстан), Дамар Томас (Ұлыбритания), Николоз Бегадзе (Грузия) және Жахонгир Зокиров (Өзбекстан) бар. Зокиров - Абдуллаев алдын ала раундтың басты айқасы болды. Жас өзбектің өзіне түскен қарсыластардың бәрін жеңіп, Айбек Оралбаймен қарымта өткізетіні ұнайды (Айбек Жахонгир 2024 жылғы АЧ жартылай финалында жеңген). Бірақ бұл жолы жеңіске Зокиров жеңеді деп ойлаймын.
Болжам:
- Жахонгир Зокиров (алтын);
- Айбек Оралбай (күміс);
- Нұрлан Сапарбай, Дамар Томас (қола)", - деп жазыпты О'Хиггинс әлеуметтік желіде.