Бокс
7 қазан 12:04

Джалоловтың Ресейдегі жекпе-жегінің тағдырын төрешілер шешті

©

Суперауыр салмақта өнер көрсететін өзбекстандық боксшы Баходир Жалолов (16-0, 14 KO) кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегін өткізді. Оның қарсыласы ресейлік Виталий Кудухов (7-4, 3 KO) болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу 6-нан 7 қазанға қараған түні Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен IBA Pro 10 турнирі аясында болды.

Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек толықтай өтіп, қазылар шешімімен Жалоловтың жеңісімен аяқталды.

Бұл жеңіс өзбек боксшысы үшін кәсіпқой рингтегі он алтыншы болды. Баходир кәсіпқойда әлі жеңіліс көрмеді.
Ал Виталий Кудухов үшін бұл карьерасындағы төртінші жеңіліс.

Айта кетейік, бұл Өзбекстанның екі дүркін Олимпиада чемпионы Жалоловтың 2025 жылғы екінші жекпе-жегі.
5 сәуір Астанада ол украиналық Игорь Шевадзутскиймен (12-3, 10 KO) жұдырықтасып, ол кездесуде де қазылар шешімімен жеңіске жеткен болатын.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport