Джалоловтың қарсылас таңдауы мамандар наразылығын тудырды

©Olamsport.com

Белгілі бокс шолушысы Дэн Рафаэл Олимпиада чемпионы өзбекстандық Баходир Джалоловтың (14-0, 14 КО) кәсіпқойдағы келесі қарсыласын атады, деп жазады Vesti.kz.

Мәлімет бойынша, ауыр салмақтағы өзбек боксшы 17 ақпан Эр-Риядтағы бокс кешінде черногориялық Дилан Прашовичпен (17-3, 14 КО) жұдырықтасады. Ал бұл кештің басты айқасында атақты Тайсон Фьюри мен Александар Усик кездеседі. 

vRINGe.com мәліметінше, бокс шолушылары Баходирге қарсылас болатын боксшының деңгейіне өте наразы. Алайда Джалолов үшін қазіргі таңда Париж Олимпидасының алтыны маңыздырақ болып тұрғандықтан, кәсіпқойға бар күшін сарп қылмақ емес. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport