Джалоловты бірнеше рет жеңген қазақстандық боксшының айқасы белгіленді
©The Heavyweight Factory
Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычко (14-0, 13 КО) жыл соңында жекпе-жек өткізеді.
Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычко (14-0, 13 КО) жыл соңында жекпе-жек өткізеді.
Дычко 27 желтоқсан Алматыда өтетін бокс кешіне қатысады. Қарсыластың есімі әзірге белгісіз. Бұл туралы All Stars Boxing промоутерлік компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Еске салайық, Дычко кейінгі айқасын тамыз айында АҚШ-та өткізіп, жергілікті Крейг Льюисті (15-8-1, 8 КО) нокаутқа түсірген болатын.
Ал әуесқойда Дычко қазір Олимпиаданың екі дүркін чемпионы атанған Баходир Джалоловты төрт жекпе-жектің бәрінде де жеңгенін айта кетейік.
Жарнама