Бокс
Бүгін 13:30

Джалоловқа Джошуа және Фьюримен жекпе-жекке бір қадам қалды

©Instagram

Аса ауыр салмақтағы өзбекстандық боксшы Баходир Жалолов (18-0, 15 KO) британиялық Соломон Дакреспен (10-2, 3 KO) жекпе-жектен кейін Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) рейтингіндегі орнын жақсартты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жалолов төртінші орынға көтерілді

Жекпе-жек 17 қазанда Англияның Лондон қаласында өтті. Жалолов бұл айқаста Дакресті төрешілер шешімімен жеңді.

Осы нәтижеден кейін өзбекстандық боксшы WBO ұйымының жаңартылған рейтингінде бірден үш сатыға көтеріліп, аса ауыр салмақта төртінші орынға жайғасты.

WBO рейтингінде кімдер көш бастап тұр?

Рейтингтің бірінші сатысында украиналық Александр Усик (25-0, 16 KO) тұр. Одан кейінгі орындарға британиялық Тайсон Фьюри (36-2-1, 25 KO) мен Энтони Джошуа (30-4, 27 KO) орналасқан.

WBO нұсқасы бойынша аса ауыр салмақтағы қазіргі әлем чемпионы да Ұлыбритания боксшысы - Дэниел Дюбуа (24-3, 23 KO).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport