"Джалолов сияқты болса бір сәрі". Бокстағы "қазақтың салмағы" деген аңыз күл талқан болды
"неКАРАтэ" YouTube арнасының авторы бокстағы "қазақтың салмағы" деп айтылып кеткен ұғым туралы пікір білдірді.
"неКАРАтэ" YouTube арнасының авторы бокстағы "қазақтың салмағы" деп айтылып кеткен ұғым туралы пікір білдірді.
Әдетте 69 келіні осылай айтатын, өйткені қазақстандық боксшылар бес Олимпиаданың төртеуінде осы самақ чемпионы болған еді.
- 2008 жылы Сәрсекбаев, 2012 жылы Сәпиев, 2016 жылы Еелусінов болды. Олар шынымен бәрінен бір бас, жоқ екі бас жоғары болды. Сосын Токиода Жүсіпов жүлдегер атанды, қазір Шымбергенов тіпті бірінші айналымда ұшып кетті. Неге бұл салмақта Қазақстанда осындай қиындықтар пайда болды?
"Меніңше, бұл әдемі аңыз ғана, бұл - "Қазақстанның салмағы", біз бұл салмақта бәрін қиратамыз, жайпаймыз деген... Солай болды, Қазақстаннан талантты жігіт шықты. Содан кейін аңыз тарап кетті. Олай болмайды, бір салмақта меншіктеп алуға келмес. Егер Джалолов пен Дусматов сияқты боксшылар бар болса бір сәрі. Осы салмақта бір мықты шығып қалды да. Сондықтан бұл "қазақтың" емес - ол халықаралық салмақ", - дейді автор.
Жарнама