Ауыр салмақтағы өзбекстандық боксшы Баходир Джалолов (13-0, 13 KO) АҚШ-тың Талса қаласында өткен бокс кешінде рингке шықты. Олимпиада чемпионының қарсыласы нигериялық Онориоде Эвариеме (20-3, 19 КО) болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген болатын, алайда Джалолов бірінші раундта-ақ жеңіске жетті. Өзбекстан боксшысы нигериялықты үш рет нокдаунға түсірді, осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Осылайша, Джалолов техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Айта кетейік, 35 жастағы нигериялық боксшының кәсіпқойдағы лақап атты "Годзилла". Сонымен қоса, "Жұмбақ" деген тағы бір лақап аты бар.