Бокс
28 қаңтар 15:55

Джалолов өзін сан соқтырған боксшыны кәсіпқойда "жазаламақ"

©instagram/bakhodirdjalolov

Суперауыр салмақта Олимпиаданың екі дүркін чемпионы болған өзбекстандық Баходир Джалолов (14-0, 14 КО) британиялық Джо Джойспен (16-3, 15 KO) кәсіпқойда қарымта өткізу туралы сұраққа жауап берді. 

Қарсыластар әуесқойда кездескен болатын. 2016 жылғы Рио Олимпиадасының 1/4 финалында Джойс Баходирді ұпай санымен жеңген болатын. Енді Джалолов есесін кәсіпқойда қайтаруға ниетті. 

- Әуесқойда сен британиялық Джо Джойстан Рио Олимпиадасында есе жібердің. Одан кәсіпқойда есе қайтарғың келе ме?

- Иә, әрине. Егер осындай жекпе-жекті ұйымдастырып берсе, мен қуанышты боламын", - дейді өзбекстандық боксшы Round Eight Boxing-қа берген сұхбатында. 

Сонымен бірге, Джалолов кәсіпқойда қашан жоғары деңгейге көтерілетінін айтты. 

"Мен үлкен жекпе-жектерге дайынмын, бірақ, алдымен бір-екі айқас өткізіп алу керек, көбірек раунд жұмыс істеп. Мен әуесқойдан енді ғана кеттім. Алдымен бір-екі айқаста бой үйретсем, кейін кез келген қарсыласқа дайын боламын", - дейді ол. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport