Суперауыр салмақтағы өзбекстандық боксшы Баходир Джалолов (14-0, 14 КО) кәсіпқойдағы жекпе-жегінің өтпей қалғанына қатысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz.
6 ақпанда Джалолов Канаданың Монреаль қаласында өткен бокс кешіне қатысу керек еді. Ол франциялық Давид Спильмонмен (16-8-1, 11 КО) жұдырықтасу керек болған. Алайда жекпе-жек медициналық себептермен өтпей қалды.
"Бәрі жақсы болады. Ин ша Аллах біз күткен күн келеді!" - деп жазыпты Баходир Instagram желісінде.