6 ақпан, бүгінге белгіленген өзбекстандық Баходир Джалолов пен франциялық Давид Спилмонт арасындағы жекпе-жек медициналық себептермен өтпейтін болды. Дәрігерлер комиссиясы кеше Джалоловтың ерніндегі ұшық үшін оған рингке шығуға рұқсат бермеді, деп жазады Vesti.kz.
Джалолов бұл жағдайға қатысты өкінішін айтты.
"Жекпе-жек өпейді. Болмашы бір ұшық үшін айқасқа шыға алмадық. Мен де, қарсыласым да рингке шығуға дайын едік, бірақ, өкінішке қарай комиссия рұқсат бермеді. Бұл менде бала кезден бар - басқа елге барсам, климат ауысса, осындай болып тұрады", - деп береді Баходирдің сөзін daryo.uz.
"Екі метр құбыжық". Джалоловқа Қазақстаннан қарсылас табылды