Бокс
24 шілде 13:16

Джалолов екі күн қалған жекпе-жегін өткізе алмайтын болды

©instagram.com/bahodirdjalolov_team/

Өзбекстандық боксшы Баходир Джалолов (15-0, 14 KO) пен италиялық Джанмарко Кардиллоның (12-1-2, 2 KO) жекпе-жегі өтпейтіні ресми түрде жарияланды, деп хабарлайды Vesti.kz Top Rank промоутерлік компаниясына сілтеме жасап.

Бұл айқас 26 шілде күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтуі тиіс еді.

"Ауыр салмақтағы Баходир Джалолов пен Джанмарко Кардилло арасындағы жекпе-жек Кардиллоның денсаулығына байланысты кездесуден бас тартуына байланысты өтпейтін болды", - делінген Top Rank хабарламасында.

Еске салайық, Джалолов кейінгі кездесуін 5 сәуір Астанада өткізіп, украиналық боксшы Игорь Шевадзутскийді (12-3, 10 KO) төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport