Димаш Құдайберген комада жатқан Айдостың жағдайынан тыс қалмады
Әнші Димаш Құдайберген комада жатқан боксшы Айдос Ербосынұлының тезірек сауығып кетуіне тілекші екенін білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Әнші Димаш Құдайберген комада жатқан боксшы Айдос Ербосынұлының тезірек сауығып кетуіне тілекші екенін білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Болашағынан айырды!". Маман Ербосынұлының ауыр халіне кінәліні атады
6 қарашада Ербосынұлы кубалық Давид Моррелден (8-0, 7 КО) 12-раундта нокаутпен жеңілді. Айдостың жағдайы нашар болған соң оны рингтен зембілмен көтеріп алып кеткен екен. Осыдан кейін ауруханада миына қан кеткен боксшыны жасанды комаға түсірді.
"Қазақтың нағыз намысты жігіті! Алла шипасын берсін. Тезірек сауығып, отбасың мен еліңді қуантуға жазсын. Дұғадамыз…???", - деп жазыпты Димаш instagram желісінде.
Жарнама