Деревянченко кегі ме? Украиналық "Жолбарыс" Головкинмен жұдырықтасқысы келеді

© ТСН
Екінші орта салмақта өнер көрсететін украиналық Макс Бурсак (35-5-2, 16 КО) орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді. Боксшының сөзін ТСН арнасы келтіріп отыр.

"Әлем чемпионы атанып, ең мықты боксшылармен жұдырықтасқым келеді, топ-5 тізімдегі боксшылармен: Сауль "Канело" Альверес, Хильберто Рамирес, Каллум Смит, Геннадий Головкинмен. Украиналықтармен жекпе-жек өткізгім келмейді, өйткені бұл ешкімге қызық емес", - дейді Бурсак.