Бокс
19 қараша 2019 11:05

Деревянченко Головкинмен жұдырықтасу "Канеломен" жекпе-жектен несімен артық болғанын айтты

© fightnews.info
Украиналық Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) VideoBoxing YouTube арнасына берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жектен кейін біраз уақыт өткенімен жеңілмегені туралы ойы өзгермегенін айтты.

Украиналық боксшы бесінші раундта Головкинді жеңуге мүмкіндікболғанын айтады. 

Жекпе-жек соңғы раундына дейін шиеленісті болды. Екі жақтың да әрбір шабуыл шешуші болуы мүмкін еді. Жекпе-жекті бесінші раундта нокаутпен аяқтауға мүмкіндік болды, бауырдан соққы жасағанда. Мұны сездім, ол да. Геннадий қаша бастады. Мен шабуылымды үдеттім, келесі раундта аяқтаймын деп ойалдым. Тоғызыншы раундта соққым дәл тиді, есімде, ол кезде де жекпе-жект аяқтауға болатын еді, бірақ, ол біресе қашты, біресе ұстасып алды. 

Сонымен қоса, Деревянченко бұл кездесу үшін ең үлкен гонорар алғанын да мойындады. 

Головкинмен жекпе-жек үшін бүкіл карьерамда болмаған гонорар алдым. Бұл менеджерімнің жақсы жұмысы, командамның. Қаржылық жағынан алғанда, кәсіпқой бокспен осы үшін айналысады.

Головкинмен келісімшарт, Альвареспен алдын ала жүргізілген келіссөздерде ұсынылғаннан да тиімді еді. Саульмен дәл осы қаржы жағынан келісе алмадық. Олардың ойынша, Альварес чемпион, ал мен Сауль жеңген Джейкобстан жеңілдім. Мен тым көп ақша талап етіппін-мыс.