DAZN серіктесі Головкин - "Канело" жекпе-жегін мамырда өткізу неге байланысты екенін айтты

© boxingscene.com
Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек келесі жылы мамырда өту үшін не керегін айтты. 

Мұның алдында Хирн ақпанда Головкин IBF титулын Камил Шереметадан қорғайтынын, ал одан кейін мамырда "Канеломен" трилогияны өткізетінін айтқан еді.

"Көп нәрсе "Канелоға" байланысты, мамырда жұдырықтасуға дайын бола ма, жоқ па, соған қатысты", - деп келітреді промоутердің сөзін ESPN.

DAZN "Канело" мен Головкин арасындағы жекпе-жек уақытын таңдады
Жаңалықтар