auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

DAZN мен Эдди Хирн "Канело" - Головкин жекпе-жегін ұйымдастыруға кіріспек

Промоутер GGG флагман деп атады.

DAZN мен Эдди Хирн "Канело" - Головкин жекпе-жегін ұйымдастыруға кіріспек
Сурет: ringtv.com
0
Британиялық промоутер Эдди Хирн DAZN стриминг қызметімен бірге АҚШ-та бокс кештерін қайта жандандыру жолдарын талқылап жатыр, - деп хабарлайды AllBoxing.Ru.

Хирннің ойынша, көрермен қызығушылығын қайта ояту үшін шынымен мықты жекпе-жектер қажет. Промоутер мен әлемдік платформа бірінші бокс кешін тамызда өткізбек. Бұл шоуда бірінші жартылай орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпиондары Реджис Прогрейс пен Морис Хукер жұдырықтасады. Қыркүйекке Хирн бірінші өте жеңіл салмақта Хуан Франсиско Эстрадо мен Роман Гонсалес арасында белбеу біріктіретін титулды жекпе-жек жоспарлап отыр. Сонымен қатар, ол өзге де қызықты кездесулерді атады, олардың қатарында:

жеңіл салмақта WBC чемпионы атағы үшін Девина Хэйни мен Люк Кэмпбел арасында;
орта дивизионда WBO чемпионы Деметриус Андраде мен екінш орта салмақта осы титулға ие Билли Джо Сондерс жекпе-жегі;
екінші орта категориядағы WBA титулына ие Каллум Смит пен Дэниэл Джейкобсты жұдырықтастыру;
онымен қоса, әлбетте Сауль "Канело" Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы трилогия.

"Бізде DAZN-мен үш серкеміз (флагман) бар: Энтони Джошуа, "Канело" Альварес және Геннадий Головкин. Бұл бокстағы ең атақты адамдар, сондықтан бокс кестесін осылардың айналасына құру қажет. Егер біз Прогрейс-Хукер, Эстрада-Гонсалес пен Хейни-Кэмпбелл. Одан кейін Андраде-Сондерс, Каллум Смит пен Дэнни Джейкобс және "Канело" Альварес пен Геннадий Головкин жекпе-жегін ұйымдастыра алсақ, биылдыққа тамаша жиынтық деп ойлаймын. Көрерменге тамаша өніммен оралу керек, ортаңқол емес", - дейді Хирн S.I. Boxing подкастында.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар