DAZN "Канелоның" ізбасарына Головкинмен жекпе-жек өткізуді ұсынды

©Reuters

Хайме Мунгия (39-0, 31 КО) өзінің туған елінде америкалық Деметриус Баллардты (21-0-1, 13 КО) жеңгеннен кейін DAZN стримингтік сервисі мексикалық боксшыға орта салмақта өнер көрсететін Геннадий Головкинмен  (41-1-1, 36 КО) кездесу өткізуді ұсынды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

DAZN стримингтік сервисі Хайменің жеңісінен кейін өзінің "твиттер" парақшасында Сауль "Канело" Альварес, Деметриус Андраде, Риота Мурата және Геннадий Головкин секілді боксшыларды біріктірген постер жариялады. 

Айта кетейік, Мексиканың Тизуана қаласында өткен айқаста Мунгия Баллардты үшінші раундта нокаутпен жеңді. 

Ал оның алдында дәл осы Мунгия Головкинмен жекпе-жек - оның карьерасындағы ең басты айқас болатынын айтқан еді. 

Головкин болса алдағы кездесуін сәуір айында өткізеді. Оның қарсыласы орта салмақта WBA ұйымының "суперчемпионы" жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) болады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport